logotype_icon
  • Бөлімдер
  • Жоба туралы
Артқа

басты бет / Бөлімдер / Қосымшалар / Canva

Canva

https://www.canva.com

21.05.2024   Kuanysh Rakhmetollayev

Canva қосымшасы пайдаланушыларға дайын шаблондар негізінде өз дизайнын жасауды ұсынады. Бұл кең профильдегі қосымша кез - келген сандық және баспа өнімдерін жасауға мүмкіндік береді.

Canva сервисіне өту

Canva сервисіне өту екі жолмен жүзеге асырылады:
1. Тақырыпшадағы сілтемені түрту арқылы немесе көшіріп, өз браузеріңізге қою арқылы кіре аласыз.
2. Төменде көрсетілген QR кодпен
preview_platform

Canva сервисінде есептік жазба жасау немесе Авторизациялау

Авторизациялау
Есептік жазбаны жасағаннан кейін тіркеу сілтемесі бар хат автоматты түрде пайдаланушы профилінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Бұл хатта «электрондық пошта мекенжайын растау» батырмасын басыңыз.

Canva сервисінде есептік жазба жасау үшін электрондық пошта немесе ұялы телефон нөмірі пайдаланылады, сондай-ақ «Facebook» немесе «Google», «Apple» және т. б. аккаунттары арқылы тіркелуге болады. preview_platform

Canva сервисінде үлгі (шаблон) құру немесе дайын үлгілермен жұмыс

Дайын шаблондармен жұмыс
preview_platform Canva сервисінде экранның жоғарғы жағында әртүрлі тапсырмалар үшін дайын шаблондар бар:

Әлеуметтік желілер → Instagram парақшасы, Facebook парақшасы
Жеке → шақыру қағаздары, ашық хаттар, түйіндемелер, хабарландырулар
Бизнес → презентациялар, логотиптер, визиткалар
Маркетинг → плакаттар, буклеттер, парақшалар
Білім → дипломдар, грамоталар, сертификаттар
Трендтер → Zoom фоны, менталды карталар, жарнамалар.
preview_platform Сіз «дизайн дайындау» батырмасын пайдаланып жеке шаблон жасай аласыз немесе іздеу жолағынанда іздей аласыз.

Үлгілерді өзгерту

Үлгілерді өзгерту
preview_platform Дайын үлгілерді таңдағаннан кейін кез-келген элементтерді өзгертуге болады. Мысалы, сурет, фон, элементтер қосу, мәтін қаріпін өзгерту секілді.
preview_platform Басқа фотосуретті таңдау үшін «Фотосурет» бөліміне өтіп, қажетті суретті шертіңіз.
Сондай-ақ, суретті, бейнені немесе аудионы қосуға болады. Ол үшін «Жүктеулер» бөліміне өтіңіз. Instagram, Facebook немесе Google Drive болуы мүмкін құрылғыны немесе бұлтты сақтауды, сақтау жолын таңдаңыз. Барлық материалдар оларды жойғанға дейін «фотосуреттер» немесе «бейнелер» бөлімінде қол жетімді болады.
preview_platform Canva-да мөлдірлікті реттеу функциясы бар. Ол үшін өзгерткіңіз келетін нысанды нұқыңыз → жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Мөлдірлік» белгішесін нұқыңыз → жүгірткі арқылы мөлдірлік деңгейін реттеңіз. preview_platform
Мәтінді өңдеу үшін жазуды нұқыңыз. Сол жақ панельдегі «Мәтін» қойындысын ашыңыз → мәтін жазыңыз → мәтін жақтауын созу немесе қысу арқылы өлшемді реттеңіз → жоғарғы панельдегі қаріп пен түсті таңдау мүмкіндігі бар. preview_platform
Презентацияға сәндік элементтерді қосу үшін сол жақтағы панельде әртүрлі «элементтердің» үлкен таңдауы бар, яғни пішіндер, жақтаулар,сызықтар, градиенттермен диаграммаларға кең ауқымды таңдау бар. Оларды тақырыптық жинақтардан немесе іздеу қатарына жазу арқылы таба аласыздар. Керек элементті бір шертсеңіз, ол құжат бетіне түседі.
preview_platform Фотосуретті кесу үшін, панельдің жоғарғы жағындағы «Қию» функциясын қолданыңыз. Суреттің жиектерін жылжытып, «Дайын» түймесін басыңыз.

Дизайнмен бөлісу

Дизайнмен бөлісу
preview_platform Google құжаттарындағыдай бірнеше пайдаланушылар үшін бір жобада бірге жұмыс істеуге болады. Ол үшін дизайнның үстіндегі «Бөлісу» түймесін басыңыз:
басқа пайдаланушының электрондық пошта мекенжайын қойыңыз
өңдеу сілтемесін көшіріп, Telegram, WhatsApp, Viber мессенджерлері арқылы жіберіңіз.

Кез-келген басқа қызмет сияқты, Canva сервисіне қол жетімділіктің 2 түрі бар:
1. «Canva Pro»
2. «Canva Free»

Дизайнды сақтау жолы

Сақтау жолы
preview_platform Презентацияны сақтау үшін бірнеше формат ұсынылған: PPT, PDF, GIF, JPG, МP4 бейнесі және CIF
Сондай-ақ, презентацияны онлайн түрде жариялауға болады, ол сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Егер болашақта кенеттен жасалынған құжатыңызға түзетулер енгізу қажет болса, мұны барлық жұмысыңыз сақталатын «Барлық қалталарыңыз» бөліміндегі қызметтің басты беті арқылы жасауға болады.
Егер сіз жасалған жұмысты жойғыңыз келсе, оны «Қоқысқа тастауға» болады.
Жойылған барлық шаблондарыңызды «Қоқыс себеті» бөліміндегі «Қалпына келтіру» немесе «Түпкілікті жою» функцияларын қолдана аласыз.

Canva сервисінен шығу

Шығу
preview_platform Сайттан шығу үшін жоғарғы оң жақ панельде Аккаунт батырмасы (аватармен бірге) орналасқан тетікті басып, «шығу» түймесін таңдаңыз.

edufile.

Қол ұшын созыңыз! Сіз бұл жобаны қолдауыңыз арқылы одан әрі дамуына үлкен үлес қосасыз!

social_iconYouTube social_iconTelegram-бот
social_icon+7 (778) 951-77-78 social_icondiplomatpanda@protonmail.com

v6.3 (build#0525) ©2023-2025 Қуаныш Қайратұлы - «edufile.» - repository of Educational Files and Platforms